
Ақтау қаласы 6 және 8-шағын аудан аралығындағы автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда №12 автомобиль жолында асфальт жабындысының бір қабатын жаңарту және жол жиегіне автокөлікке арналған тұрақ орындарын салу жоспарланған.
Бұл жұмыстарға мердігер мекеменің 12 техникасы мен 15-ке жуық жол маманы жұмылдырылды.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуын сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1041312?lang=kk

Жауап қалдыру