Бүгін, Әл-Фараби ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төле би көшесі №12А, 12Б және Әлімқұлов көшесі №7А көпқабатты тұрғын үй аулаларында, Қошқар Ата көшесі бойында және аудан бойынша мекемелер тарапынан сенбілік жұмыстары өз аулаларында ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан әкімі аппаратының, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар атсалысты.
Іс-шара барысында шөп ору, ағаштардың қураған бұтақтарын кесу, жалпы тазалық жұмыстарын жүргізу және балалар ойын алаңшасының элементтерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына 100-ден аса адам мен 7 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс шығарылды.
Қаламызды таза ұстау — бәріміздің ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1041679?lang=kk

Жауап қалдыру