
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Т. Рысқұлов ауданына қарасты Каменка ауылының тұрғындарымен «Ономастика мәселелері» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өткізді.
Кездесу барысында басқарманың бас маманы Ақтолқын Исқалиева ономастикалық үдерістерді жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдар мен заңнамалық талаптарды кеңінен түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы атау беру және қайта атау тәртібін жан-жақты баяндады.
Шараға 25 ауыл тұрғыны қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жергілікті тұрғындар елді мекен атауын қайта атауға қатысты ұсыныстарын білдіріп, мамандардан қолданыстағы заңнамаға сай нақты әрі тұшымды жауаптар алды.
Бұл кездесу тұрғындардың құқықтық таным көкжиегін кеңейтіп, ономастика саласындағы қоғамдық белсенділік пен ашықтықты арттыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1041514?lang=kk

Жауап қалдыру