“Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасының аясында және Қосшы қаласының 4 жылдығына орай “Түйе Паулан” қазақ күресінен ашық турнир өз мәресіне жетті!
Ұлттық спортты кеңінен насихаттау және жас балуандардың шеберлігін шыңдау мақсатында қалалық прокуратурамен бірлесе ұйымдастырылған бұл додада еліміздің түрлі аймақтарынан келген 30-ға жуық үздік балуан белдесті.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге тартысты әрі қызықты белдесулер ұсынылды.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:
І орын – Халхабаев Жасулан (Астана қаласы)
ІІ орын – Төренов Алдияр (Жамбыл облысы)
ІІІ орын – Исмагулов Нұрсұлтан (Астана қаласы)
ІІІ орын – Жунусов Асет (Көкшетау қаласы)
Жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тулендин Ардақ Болатұлы қатысып, жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1041355?lang=kk

Жауап қалдыру