29 шілде — Сот төрелігі академиясына құжат қабылдаудың соңғы күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі Сот төрелігі академиясының профильдік және ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламалары бойынша құжат тапсыру бүгін, 29 шілдеде, аяқталатынын еске салады. Құжаттар жұмыс күнінің соңына дейін қабылданады.🔖

Сот төрелігі академиясының магистратурасы — бұл:⏺

болашақ судьялар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған терең құқықтық дайындық;⏺

академиялық теория мен қолданбалы сот тәжірибесінің үйлесімі;⏺

оқытушылар құрамында – қызметтегі судьялар, сарапшылар мен ғылым докторлары;⏺

оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру және басқарушылық құзыреттерді дамыту.🎓

Академияға түсу — сот жүйесіндегі кәсіби мансаптың алғашқы қадамы.⏺

Оқуға ниетті үміткерлерден құжат тапсыруды кейінге қалдырмай, қабылдау емтиханының күні туралы хабарландыруды қадағалауды сұраймыз.📞

Сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыз:
+7 771 688 8517 (WhatsApp)
+7 7172 71 08 47🌐

Толығырақ ақпарат — Академияның ресми интернет-ресурсында: https://sta.edu.kz

#JoğarySotKeñesı 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1041804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді