«Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу» бойынша өткізілген құқықтық оқыту өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Л.Қ. Айтымбетова, департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.А. Жақсылық және департамент қызметкерлері қатысуымен «Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу» бойынша өткізілген құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқыту нәтижесімен Әдеп нормаларына сәйкес Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қоғамдық жерлерде заңда белгіленген шектеулерді сақтау, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және мүдделер қақтығысын болдырмауға, мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысында адалдық танытуға, әдепті, сыпайы болуға, Департаментке жүгінген жеке және заңды тұлғаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды.
Департаменттің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын және 12 – бабында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді (құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді) қатаң сақталуы басты назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1042127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді