
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
2024 жылдың 12 айында Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппаратымен 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- электронды түрде қызмет алуға өтініштер түскен жоқ.
- қағаз түрінде – 4 қызмет (100 %)
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша 2 қызмет. 1 қызмет өтінішке құжаттары толық болмауына байланысты бас тартылды, 1 өтініш қанағаттандырылды. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» 1 қызмет, қанағаттанырылды. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» 1 қызмет, қанағаттандырылды.
2023 жылы қызмет көрсетуге өтініштер түскен жоқ.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылы 331 ауылдық округі тұрғындары қамтылған 12 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), (2023 ж. 252 адам, 9 іс-шара) көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-sukhanbai/press/news/details/1042365?lang=kk
Жауап қалдыру