Көкжөтелдің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкжөтел bordatella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының қауіпті жұқпалы ауруы. Ауа тамшылары арқылы беріледі. Қоздырғыш түшкіру және жөтелу кезінде қарқынды түрде бөлінеді.

Көкжөтел балалар арасында пневмония, бронхит, плеврит, синусит, отит, құлақ қалқанының жарылуы, мұрыннан қан кету, құрысу, бас миының зақымдалуы, дамудың тежелуі сияқты асқынуларды жиі тудырады.

Көкжөтел инфекциясының алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы міндетті егу күнтізбесіне енгізілген вакцинация. Вакцинация жоспарлы түрде 2, 3, 4, 18 айлық және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1041754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді