Павлодар облысы ТЖД АМО: шұғыл көмек көрсету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың басынан бастап Павлодар облысы ТЖД Апаттар медицинасы орталығының бригадалары, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 47 жол-көлік оқиғасына аттанды. Нәтижесінде зардап шеккен 70 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

          Кезекті шығу 2025 жылғы 27 шілдеде жасалды: Омбы — Майқапшағай автожолында, Кенжекөл ауылының ауданында зардап шеккендермен ЖКО орын алды. Хабарламаны алғаннан кейін Департаменттің Апаттар медицинасы орталығының бригадасы дереу оқиға орнына барды. АМО қызметкерлері екі әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қаласының ауруханасына жеткізді. 2015 жылы туған кәмелетке толмаған   Павлодар қаласының балалар ауруханасына 103 бригадасы қарап, жеткізді.

          Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті еске салады: жол жүру ережелерін сақтаңыз және рөлге көңіл аударыңыз. Қауіпсіздік – сіздің қолыңызда!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1042211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді