“Сайлауды өткізуді ұйымдастыру”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 шілдеде, 2025 жылға арналған каскадты оқыту жоспарына сәйкес “Сайлауды өткізуді ұйымдастыру” тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға учаскелік сайлау комиссиялары мен округтік сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиялары мен округтік сайлау комиссияларының жаңадан сайланған мүшелері қатысты.

Оқу семинарында жиналғандар алдында аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А .С. Қабиденова сөз сөйлеп, сайлауды өткізуді ұйымдастырумен таныстырды. Семинар барысында слайдтар мен бейнематериалдар пайдаланылды. Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының негізгі заңдарымен және нормативтік-құқықтық актілерімен танысты. Семинар соңында АСК мүшелері жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1042025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді