
Полиция департаменті ескертеді: онлайн сатып алу кезінде сақ болыңыздар!
Интернет арқылы тауарларды сатып алмас бұрын, сатушының дұрыстығын тексеріңіз, мәмілені растамай, бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.
Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Жақсы және Ерейментау аудандарының полиция бөлімдеріне алаяқтық фактілері туралы өтініштер келіп түсті.
Зардап шеккендер 13 және 14 шілдеде белгісіз адам «Квадромонша» сату сылтауымен олардың қолма-қол ақшасын иемденгенін хабарлады. Жәбірленушілердің бірі алаяққа 1 млн. 105 мың теңге, екіншісі — 750 мың теңге аударған.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қаскүнемнің жеке басы мен орналасқан жері анықталуда.
Интернеттегі алаяқтықтың құрбаны болмас үшін, ақша аудармас бұрын сайттар мен сатушылардың дұрыстығын тексеріңіз. Бағалары төмен жарнамаларға сенбеңіз.
Тек дәлелденген сауда платформаларын пайдаланыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1043165?lang=kk
Жауап қалдыру