Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа порталын әзірледі. Бұл порталда Ақсу қаласы бойынша толық комплектілі 15 мектеп тіркелген: мектеп-лицей, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, Абай атындағы орта мектеп, №4 орта мектеп, №7 орта мектеп, №8 орта мектеп, Шүлембаев атындағы орта мектебі, Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп, Үштерек ауылы орта мектебі, Береке ауылы орта мектебі, Еңбек ауылы орта мектебі, Жамбыл орта мектебі, Момышұлы атындағы орта мектебі, Қызылжар ауылы орта мектебі, Қалқаман ауылы орта мектебі.
Бұл мектептерге педагогтерді жұмысқа қабылдау тек осы портал арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін жоғарыда аталған мектептерге жұмысқа орналасқысы келетіндер https://hr-nobd.edu.kz//help-center порталына тіркеліп, конкурсқа қатысуы қажет. Порталда тіркелу кезінде педагогтерге, директорларға, іс жүргізушілерге, конкурстық комиссияның құрамына арналған Нұсқауларлықтар бар.
Балабақшаларда және қосымша білім беру ұйымдарында конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2025 жылғы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.
Шағын жинақты мектептер (Дөнентаев атындағы орта мектебі, Ақжол орта мектебі, Қабылбеков атындағы орта мектебі, Сарышығанақ орта мектебі, Айнакөл ауылының орта мектебі, Достық орта мектебі, Спутник негізгі мектебі, Солветка ауылының негізгі мектебі, Ақсу қаласының №5 бастауыш мектебі) педагогтерді конкурссыз қабылдайды, Қағиданың 95-тармағына сәйкес егер шағын жинақты мектептің бос лауазымына екі және одан да көп кандидат үміткер болған жағдайда, қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін тәжірибесі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжаты бар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін педагогтер: testcenter.kz сайтына тіркеліп, педагогтің білімін бағалау (ПББ) тестілеуін тапсыруы қажет.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2025 жылғы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары, порталда тіркелу жөніндегі нұсқаулықтар, қолжетімді бос жұмыс орындары Ақсу қаласы білім беру бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Ақсу қаласы білім беру бөлімі
мектеп және мектепке дейінгі
білім секторының бас маманы А. Жумагельдинова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-goo/press/news/details/1043027?lang=kk
Жауап қалдыру