«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының Төтенше

жағдайлар департаменті

Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.07.2025 – 05.08.2025

Қабылдау 1 этап: 06.08.2025- 08.08.2025

Қабылдау 2 этап: 12.08.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 13.08.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау 16.08.2025

Сұхбат: 21.08.2025ж. сағ.11.00

Анықтама телефоны: 95-57-11

C-O-5 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 236338

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

 Салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің функцияларын орындайды, сондай-ақ басқарманың апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерін жинақтайды; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеугеқатысады;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес белгіленген тәртіпте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыра; жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді; екі немесе одан көп облыстар шегінде орналастырылған қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы қарайды және келіседі; белгіленген тәртіппен қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады және оларды есепке алу журналына тиісті жазбалар енгізеді; өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларынан, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінен білімін тексеруді жүзеге асырады; адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз тастай отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді; қауіпті өндірістік объектілерде дабылдарына қатысады; жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың бақылау және қабылдау сынақтарын өткізу жөніндегі комиссияға қатысады; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі; құзыреті шегінде өнеркәсіп салаларындағы біліктілік және/немесе рұқсаттама талаптарына өтініш берушілердің сәйкестігіне рұқсат бақылауын жүзеге асырады; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырулардың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады; бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні және актіні және анықталған бұзушылықтар жою туралы нұсқаманы, объектінің қызметіне немесе қауіпті техникалық құрылғыларды тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні береді; Бөлімнің құзыреті шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеуге және талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізу тәртібінің графигін қалыптастыруға қатысады; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге қатысады; құзыретті органдармен бірлесіп, жарылғыш заттарды жою жөніндегі комиссия құрамына қатысады; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мониторингті ұйымдастыруға қатысады; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сапалы және мерзімінде қарауды қамтамасыз ету; өнеркәсіптік

қауіпсіздік салаларындағы мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялайды; Документолог, Е-лицензиялау, Е-қызмет,ТСОБТ, ҚББТ және Оутлук жүйесімен, сондай-ақ басқа да жүйелермен жұмыс істейді.

 

Білімі бойынша талап:

 Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері,автоматтандыру және басқару, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, автоматтандыру және басқару

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1043157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді