Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Братислава, 2025 жылғы 29 шілдеҚазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасының Мәдениет министрі Мартина Шимковичовамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды талқылады. Өнер, киноиндустрия және музей ісі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екені атап өтілді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Словакияның Мәдениет күндерін екі елде өткізу мәселесі талқыланды. Бұл бастама халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты арттыруға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдетуге жол ашатыны баса назарға алынды.

Министр М. Шимковичова Қазақстан тарапынан ұсынылған бастамаларды оң бағалап, Қазақстан мен Словакия арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі кеңейетініне үміт білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1042446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді