
2025 жылы Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнінің тақырыбы: “Адам саудасы – ұйымдасқан қылмыс. Қанаудың барлық түрлерін тоқтату үшін бірге жұмыс істейік”.
ІІМ халықаралық бастаманы қолдау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 30-31 шілдесінде “Адам саудасына қарсы күресте біргеміз!” кең ауқымды іс-шарасын өткізуде.
Оның аясында жоспарлануда:
- адам саудасының белгілерін және сенім телефондарының нөмірлерін көрсете отырып, ақпараттық материалдарды тарату;
- құқықтық сипаттағы консультациялар өткізу;
- халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған өзге де іс-шаралар.
- Әрбір азамат адам саудасына қарсы күреске өз үлесін қоса алады:
- осы мәселе туралы ақпаратты зерттеп, оны басқалармен бөлісіңіз;
- бейінді ұйымдарға қолдау көрсетіңіз және қайырымдылық бастамаларына қатысыңыз;
- егер адам саудасына күдік болса, дереу ішкі істер органдарына хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1043178?lang=kk
Жауап қалдыру