Мансап орталықтарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева төрағалығымен Мансап орталықтарының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы уақыттағы міндеттері талқыланды.

Кездесу барысында Мансап орталықтарының жұмыс нәтижелері сараланып, халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығын дамыту, жастарды қолдау бағыттарында атқарылған іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды. Сонымен қатар, кездесуде жұмыс тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, сондай-ақ цифрландыру үдерістерін ілгерілету мәселелері көтерілді.

Жиын соңында басқарма басшысы алдағы кезеңге арналған нақты тапсырмалар беріп, Мансап орталықтарының жұмысы жүйелі әрі нәтижелі болуы қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1042495?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді