
Жүрмелі жиын барысында қала әкімі білім ошағының жол құрылысы қарқынын жіті қадағалап, мердігер мекемеге жұмыстарды кестеге сәйкес мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ең бастысы жауаптыларға жеделдікпен қатар сапаны басты назарда ұстауды міндеттеді.
– Барлығын жан-жақты ойластырып жасап, бір ғана кішігірім бөлшекті ескерусіз қалдырсақ, жұмыс толыққанды болмайды. Бұл — өз үйімізге жасап жатқандай жауапкершілікпен атқарылуы тиіс іс, — деді қала әкімі.
Жол инфрақұрылымы толық аяқталған соң аталған нысан аумағында көлік қозғалысы реттеліп, оқу орнына келетін ата-аналар мен қызметкерлер үшін де ыңғайлы жағдай жасалмақ. Айта кетейік Рауан елді мекеніндегі №26 мектеп қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1043188?lang=kk
Жауап қалдыру