ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera-ның халықаралық марапатының финалисі атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Coursera-ның халықаралық марапатының финалисі атанды

Министрлік Coursera Outstanding Achievement Awards 2025 жаһандық марапатының финалисі атанды.

Coursera компаниясы бұл марапатты әлем бойынша білім беру саласында ерекше нәтижеге жеткен серіктестеріне табыстайды. Қазақстан жаһандық финалист ретінде 2025 жылғы қыркүйек айында өтетін Coursera Connect іс-шарасында ресми түрде марапатталады.

Coursera-ның Маркетинг жөніндегі директоры Тим Хэннан өз хатында:

«Сіздердің көшбасшылық, жаңашылдық және білім беруді трансформациялау жолындағы ықпалдарыңыз бізді шынайы түрде шабыттандырады. Бұл жетістік – сіздердің жаһандық деңгейдегі үздік тәжірибелеріңіздің көрсеткіші», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Coursera – әлем бойынша 120 млн астам қолданушысы бар жетекші онлайн білім беру платформасы. Қазақстан бұл платформаны жоғары білімді цифрландыру және қолжетімді ету мақсатында белсенді қолданып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1043175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді