
Жұмысшы мамандықтар жылы
Механизатор мамандығы – ауыл шаруашылығы саласындағы ең маңызды мамандықтардың бірі. Аудан-ауылдарда бұл кәсіп иелеріне деген сұраныс жоғары. Өйткені, ауылдағы ең қарапайым да мәртебелі мамандықтардың бірі – механизатор. Дегенмен бүгінгі таңда тракторларды негізінен орта және аға толқын өкілдері жүргізетіні жасырын емес. Дала төсінде қызу еңбекпен жүретін тракторшылардың еңбегі қай кезде де жоғары құрметке лайық.
Қолынан келгенін аянбайтын әр адамға әркез сый-құрмет көрсетілуі тиіс. Мемлекет басшысы халыққа жолдаған Жолдауында 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. Бұл – өте орынды бастама. Бұдан шығатын қорытынды – елімізде еңбек адамына деген құрмет-қошеметтің арта түсетіні сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-egindi/press/news/details/1043168?lang=kk
Жауап қалдыру