Business.enbek.kz порталында 2-ші ағында гранттар алуға өтінімдер қабылдана бастайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 11 тамыздан бастап Business.enbek.kz порталында  халықтың әлеуметтік осап топтары үшін грант алуға  өтінімдер қабылдау басталады.

Гранттар 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде өтеусіз негізде беріледі, оның нысаналы мақсаты жаңа бизнес бастау және қолданыстағы бизнесті дамыту болып табылады.

Гранттар  халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көзделген-атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) көп балалы болуына байланысты жәрдемақы алушылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар.

Грант алу үшін Business.enbek.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш беру қажет, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Еңбек мобильдігі орталығы мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) жүгінуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1043986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді