
Павлодар облысы Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы мен кәсіподақ өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – өңір кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бойынша күш-жігерді біріктіру.
Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды: қызметкерлердің жеткіліксіз оқытылуы, жеке қорғаныс құралдарын беру тәртібінің бұзылуы, жұмыс уақытының есебін жүргізудегі қателіктер және жалақыны кешіктіру жағдайлары.
Кәсіподақтардың рөліне ерекше назар аударылды – олар жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Кәсіподақтар азаматтарды оқытып, кеңес беріп, еңбек құқықтары саласындағы маңызды мәселелерді көтеруге көмектеседі.
Бұзушылықтардың алдын алудың жаңа құралдарының бірі – «еңбек қауіптері картасы». Бұл құрал кәсіпорындардағы проблемалық тұстарды анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1043325?lang=kk

Жауап қалдыру