«Форт-Шевченко – Таушық» бағытындағы автожол жаңарып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Маңғыстау облысында өңірлік маңызы бар «Форт-Шевченко – Таушық» автожолының 55-70 шақырым және 70-85 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазір аталған учаскелерде асфальт төсеу жұмыстары қарқын алуда.

Өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейнеубек Әбіловтің айтуынша, жоспар бойынша, 55-85 шақырым аралығындағы жұмыстар 2025 жылдың III тоқсанының соңына дейін аяқталады.

– Бұл жол аймақ тұрғындары үшін аса маңызды. Форт-Шевченко, Таушық және көршілес ауылдарды байланыстырып тұрған негізгі бағыт. Сондықтан орташа жөндеу жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы ұлттық сапа орталығы мен техникалық қадағалау қызметімен бақылауда. Сонымен қатар, жобаның жалғасы ретінде қарастырылып отырған 85-90 шақырымдық қосымша учаскеде жөндеу жұмыстары тамыз-қыркүйек айларында басталады, – деді Бейнеубек Әбілов.

Айта кетейік, мекеме өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмейтінін және барлық қауіпсіздік талаптары сақталатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1043609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді