Грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты аяқталды: қорытынды нәтиже қандай?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Грекия астанасы Афины қаласында грек-рим күресінен U17 Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекені «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары үздік нәтижемен аяқтап, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды ел қоржынына салды.

🥇Алтын медаль иегері:
Қуанышбек Жаңажол (45 кг)

🥈Күміс медаль иегерлері:
Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг)
Нұрәли Асқар (55 кг)

🥉Қола медаль иегері:
Досбол Шамил (65 кг)

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді.

«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының бапкерлері: Асхат Жаңбыров – аға жаттықтырушы, Жарқын Тұрсынов  – жаттықтырушы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1043941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді