Көрнекі ақпаратқа қатысты заң талабын түсіндіру жұмысы Бұқар жырау ауданында жалғасын тапты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева бүгін Бұқар жырау ауданының орталығы -Ботақара кентіне барды.

Тіл саясаты мәселелерін жүзеге асыру аясындағы жұмыстардың орындалуы-осы ретте көрнекі ақпаратқа қатысты заң талабын түсіндіру мақсатында Бұқар жырау ауданының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық тіл және мәдениет бөлімінің мамандары, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы бизнес өкілдеріне көрнекі ақпарат пен деректемелерді орналастыру кезіндегі тілдік нормаларды сақтау талаптары мен осы бағытта заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Заң талабы бойынша кез келген көрнекі ақпарат ең алдымен мемлекеттік тілде жазылуы тиіс.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың бірі — өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін тегін оқыту. Бұл бағытта Бұқар жырау ауданында тіл оқыту курстары ұйымдастырылған.

Бүгінгі жиында қысқа мерзімді тіл оқыту курстарын аяқтаған аудан тұрғындарына басқарма басшысы курсты тамамдағаны жайында сертификаттар табыс етті. Аудандық мәдениет үйінде орналасқан «Коворкинг» орталығы бүгінде бұл өңірде мемлекеттік тілді меңгеруге қолайлы орынға айналған.Сапар аясында басқарма басшысы А.Қ. Шалабаева «Коворкинг» орталығын аралап, аудан бойынша тіл саясатына жауапты бөлім маманынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат алып, бірқатар мәселелерді нақтылады.

Іскер жандар назарына! Көрнекі ақпаратқа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, жергілікті жердегі тіл бөлімінің мамандары бизнес өкілдеріне әдістемелік көмек көрсетуге дайын.#қарағандытілдердідамытубасқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1043311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді