Облыс әкімі Жаңасемей ауданының жаңа әкімін таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңына сәйкес 2025 жылдың 31 шілдесінен бастап Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов Жаңасемей ауданының әкімі болып сайланды.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін оны аудан активіне таныстырды.

2022 жылы елімізде пилоттық режимде 45 қала және аудан әкімдері сайланған болатын, оның ішінде Абай облысының Курчатов қаласы мен Абай ауданы болды. Биылғы жылдан бастап Сайлау туралы заңға сәйкес облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдерін халық өзі, тікелей дауыс беру арқылы сайлай алады.

Аймақ басшысы Жаңасемей ауданына әкім болып сайланған Нұржан Оразбекұлының тәжірибесі мол, білікті басшы екенін атап өтті.

«Өткен жексенбі, яғни 27 шілде күні, республика бойынша осындай алғашқы сайлаулардың бірі Абай облысының Жаңасемей ауданында өтті. Аудан халқы өзінің демократиялық таңдауын жасады. Саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетті. Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімовке аудан тұрғындарының басым көпшілігі дауыс берді. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, мектеп директоры, ауылдық округ әкімі, ШҚО Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары, Абай ауданының әкімі болып еңбек етті. Облыстық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы болып қызмет атқарды. Яғни мемлекеттік қызметтің барлық сатысын кезең-кезеңімен өткен тәжірибелі басшы. Аудан жаңадан құрылған, проблемалық мәселелері жетерлік. Сондықтан Нұржан Оразбекұлы Жаңасемей ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, көркейіп-гүлденуіне барлық күш-жігеріңізді салады деп сенемін» деді аймақ басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1043935?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді