Таразда жаңа Неке қию орталығы мен ХҚКО ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының «Ұлы дала» шағын ауданында жаңа үлгідегі Неке қию орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығы халық игілігіне берілді.

Жаңа нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталған. Неке қию орталығында салтанатты рәсімдерге арналған кең зал, фотозона, фуршет аймағы, қалыңдық пен күйеу жігітке арналған арнайы бөлме қарастырылған.

Сондай-ақ, осы ғимаратта жаңғыртылған форматта жұмысын бастаған ХҚКО-да цифрлық кеңсе жүйесі енгізілген. Қызмет көрсету аймақтарға бөлініп, келушілер ағынын реттеуге және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Кең әрі жарық залдар мен заманауи құрал-жабдықтар тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасайды.

 Ғимарат облыс әкімдігінің қолдауымен жөнделіп, қала тұрғындарына жайлы әрі қолжетімді қызмет көрсету мақсатында ашылды.

Қос нысан халық тығыз қоныстанған «Ұлы дала» шағын ауданында орналасқан. Бұл аумақта 45 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1043733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді