
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, елде еңбек адамының мәртебесін арттыру және қазіргі заман талаптарына сай жұмысшы мамандықтарын дамыту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Премьер-Министр Олжас Бектенов ірі логистикалық және энергетикалық жобаларды іске қосу, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларын цифрландыру жағдайында сапалы және тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл міндетті тиімді жүзеге асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, салалық ведомстволардың және әкімдіктердің іс-қимылдарын тұрақты үйлестіру қажет.
Еңбек нарығындағы өзгерістерді бақылау мақсатында Қазақстанда «Жобалардың инновациялық навигаторы» ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл жүйе жаңа жұмыс орындарының санын, олардың еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін, сондай-ақ жұмыс берушілердің жұмыспен қамту жоспарын орындауын бақылауға мүмкіндік береді.
Ұзынкөл ауданында бұл жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері 266 азаматтың жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Олардың ішінде:
-
168 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;
-
соның ішінде 86 адам – электрмонтер, арнайы техника жүргізушісі, аспаз, жол жұмысшысы, электрик және басқа да жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметі қойған мемлекеттік басымдықтар мен міндеттерге сәйкес жалғастырылатын болады.
«Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Ұзынкөл ауданының Карьерлік орталығы» филиалы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1043394?lang=kk

Жауап қалдыру