Жайлылық пен сапа-басымдық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қостанай ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бүгінде қалада да, ауылдық жерлерде де тұрғындардың жүріп-тұруы үшін қолайлы, қауіпсіз және сапалы жағдайлар жасауға бағытталған Жол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі кешенді шаралар іске асырылуда. 

   Қостанай ауданында бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен 20 млн. теңге сомасына шарт жасалды. Зертханалық талдау үшін жол жабынының 65 сынамасы іріктеліп алынды, бұл орындалған жұмыстардың техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді.                    

Айта кету керек, Тобыл қаласында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Мұнда 40 аула аумағының 28-і жөндеуге жатады. 2025 жылы жалпы ауданы 16 мың шаршы метрден асатын 15 ауланы жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қалған 13 ауланы 2026 жылы жөндеуді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1043355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді