Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті мен «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 31 шілде күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға Департамент пен облыстық аумақтық кәсіподақ бірлестігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңірдегі еңбек қатынастарының өзекті мәселелері талқыланып, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, өндірістік жарақаттың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен облыстық кәсіподақтар бірлестігі арасында 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды.

Бұл жоспар еңбек қауіпсіздігін арттыру мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған нақты іс-шараларды қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/1043983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді