
🖋 АБАЙ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ!
Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай онкүндігі» іс-шаралар жоспары бастау алды.
📍 Іс-шаралар Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен оның аудандық, қалалық филиалдарында өткізіледі.
Абай онкүндігі аясындағы іс-шаралар күнтізбесі:
1-күн (01.08.2025) — «Абай әлемі»
Жұмыс түрі: Онлайн/офлайн ашылу рәсімі
📍 Өтетін жері: Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ
2-күн (04.08.2025) — «Білгенге маржан» айдары аясында «Өлең-сөздің патшасы»
Жұмыс түрі: Сауалнама
📍 Өтетін жері: Жамбыл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
3-күн (05.08.2025) — «Кең даланың кемеңгері»
Жұмыс түрі: Әдеби кеш
📍 Өтетін жері: Жастар ресурстық орталығы (Балқаш ауданы)
4-күн (06.08.2025) — «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе…»
Жұмыс түрі: Эссе байқауы
📍 Өтетін жері: Жастар ресурстық орталығы (Ұйғыр ауданы)
5-күн (07.08.2025) — «Дана да, дара Абай»
Жұмыс түрі: Дөңгелек үстел
📍 Өтетін жері: Еңбекшіқазақ аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
6-күн (08.08.2025) — «Жыр әлемінің қайнары»
Жұмыс түрі: Поэзия кеші
📍 Өтетін жері: Талғар аудандық кітапханасы
7-күн (11.08.2025) — «Абай айтқан бес дұшпан мен бес асыл істің бүгінгі мәні»
Жұмыс түрі: Дебат
📍 Өтетін жері: Райымбек аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
8-күн (12.08.2025) — «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»
Жұмыс түрі: Ойтолғау
📍 Өтетін жері: Кеген аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
8-күн (12.08.2025) — «Қара сөз — ұлағат көзі»
Жұмыс түрі: Эссе байқауы
📍 Өтетін жері: Шелек ауылдық округтік филиалы
9-күн (13.08.2025) — «Абайтану»
Жұмыс түрі: Интеллектуалдық ойын
📍 Өтетін жері: Іле аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
10-күн (14.08.2025) — «Абай – ұлттың рухани темірқазығы»
Жұмыс түрі: Танымдық сабақ
📍 Өтетін жері: Қарасай аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
10-күн (14.08.2025) — «Абай өлеңдерімен сөйлейік!»
Жұмыс түрі: Мәнерлеп оқу
📍 Өтетін жері: Алатау қалалық филиалы
Ұлы Абайдың шығармашылығы арқылы тілімізді терең танып, рухани дүниемізді байыту мақсатында өтетін бұл онкүндік – мәдени құндылықтарымызды дәріптеудің ерекше үлгісі болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-til/press/news/details/1044317?lang=kk
Жауап қалдыру