Ақмола облысында Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда тамыз айының алғашқы жексенбісінде Теміржол көлігі қызметкерлері күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Ақмола облысында теміржол саласының 150-ге жуық мамандығын қамтитын 60-тан астам қызметкерінің еңбегі атап өтілді.

Облыс орталығында өткен салтанатты шараны Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ельдос Рамазанов ашып, облыс әкімінің атынан темір жол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

«Бүгін Мемлекет басшысы ел экономикасының индустриялық-инновациялық қарқынды дамуына қатысты бірқатар міндеттерді айқындап берді. Бұл ретте темір жол саласы осы міндеттерді іске асыруда маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі ішкі және сыртқы көлік-экономикалық байланыстарды қамтамасыз етіп, халықтың тасымалға деген сұранысын қанағаттандырып, барлық өндіріс салаларының қалыпты жұмыс істеуіне және мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынастардың дамуына ықпал етеді», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, еліміздегі жүк тасымалының 80 пайыздан астамы темір жол арқылы жүзеге асады. Жыл сайын еліміздің ең ірі операторы – «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметін 20 миллионнан астам жолаушы пайдаланады. Ақмола облысы аумағында көмір, мұнай өнімдері, түсті металдар, шағылтас, астық және басқа да жүк түрлері тасымалданады.

Салтанатты жиын барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Ақмола жүк тасымалдау бөлімшесі» директоры Бекенов Саят Сағдатұлы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» директоры Қизатов Артур Ануарбекұлы және өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүлейменов Серік Уәйісұлы да құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында облыс әкімінің атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты бөлімді өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концерт түйіндеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1044705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді