АРЫСТА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арыста қала күні мерекесі қарсаңында Жиделі ауылының тұрғындары көгілдір отынға қосылды. Игі шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, мердігер мекеме өкілдері, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Шаһар басшысы ауыл халқына ізгі тілегін жеткізіп, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да игілікті істің жалғасын табарына сенім білдіріп, ауылға жасалып жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын жеткізді.
Жоба аясында ауылдағы 311 абонент, яғни 2 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Байырқұм мен Көкжиде елді мекендері көгілдір отынға қосылған болатын. Ендігі кезекте Аққала ауылын газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1044706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді