
Астанада 21 мамырдан бастап жазғы маусымның ашылуына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қала зейнеткерлері үшін «Жетісу» саябағында әр сәрсенбі сайын сағат 17:00-19:00 аралығында «Жадыраған жаз» атты зейнеткерлер дискотекасын өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Зейнеткерлерге арналған ретро әндерден би кештері ардагерлерді әлеуметтендіру, сауықтыру және егде жастағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Жаз маусымы ашылғаннан бері 11 дискотека өтті.
Дискотека кештерінде зейнеткерлер өз концерттік бағдарламасын ұсынады, кеш жеке орындаушылардың әндерімен басталады. Сондай-ақ би ұжымдары да өз өнерлерін ортаға салады.
Өнерлі ата-әжелер қалауы бойынша жастық шақтарын еске түсіретін ескі әндерді орындап, соңы замандастардың би кешіне ұласады. Екі сағат позитивке толы өтеді, зейнеткерлер бір-бірін көріп қауышады, жаңа достық қарым-қатынастар қалыптасады.
Сонымен қатар, жаз маусымы ашылғаннан бері «Жетісу», Президенттік, Ататүрік және Ботаникалық саябақтарда, Нұржол гүлзары мен Ұстаздар алаңында, Қаламгерлер аллеясында, «Жастар» сарайының жанында сағат: 9.00-11.00-ге дейінгі аралықта таңғы сауықтыру жаттығулары өтіп жүр. Күн сайын 500-ге жуық қала зейнеткері йога, оңалту гимнастикасы, айкүне, скандинавиялық серуен және «Цигун» тыныс алу гимнастикасынан таңғы жаттығулар жасайды.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Астана қаласының демалу саябақтарында зейнеткерлердің қатысуымен сауықтыру жаттығуларын өткізуді тұңғыш рет қолға алып отыр.
Бұл бастама қала тұрғындарының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жазғы сауықтыру жаттығуларына қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындарын сауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Жаттығуға қатысу тегін.
Сауықтыру жаттығулары «Жетісу», «Жерұйық», Ботаникалық саябағында, Орталық және Президент саябағында, Нұржол гүлзары мен Мұғалімдер алаңында қыркүйек айына дейін кестеге сәйкес жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1044342?lang=kk
Жауап қалдыру