КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында «Жер – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі тарапынан арнайы ұйымдастыру нұсқаулығы әзірленіп, ол аудандық азаматтық қорғау қызметтеріне, ауылдық округ әкімдеріне, мекеме және ұйым басшыларына жолданды.
Оқу-жаттығу 10:00-де құлақтандыру жүйесінің іске қосылуымен және «Баршаның назарына!» дабылының берілуімен басталды. Осы уақыттан бастап азаматтық қорғау құрылымдары, жеке құрам, арнайы техника мен қажетті құрал-жабдықтар Келес ауданы әкімдігі ғимаратының алдына жиналды.
Іс-шара аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдары мен күштердің даярлығын арттыру, сондай-ақ аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындық деңгейін тексерді.
Оқу-жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға бағытталған авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044688?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді