Министрлік ғимаратында көлік саласы мамандарының кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің көлік саласында 772 мың адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта көлік саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда: 1300 шақырымнан астам жаңа теміржол желілерінің, 12 мың шақырым автомобиль жолдары мен 3 жаңа әуежайдың құрылысы жүруде, заманауи логистикалық орталықтарды дамыту және т.б. жобалар іске асырылуда.

Жыл сайын жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артып келеді. 2029 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттің көлемін 100 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Мультомодальды көлік дәліздері белсенді дамып, озық цифрлық технологиялар енгізілуде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша көлік саласы 22,7% өсім көрсетті. Білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлініп, қосымша гранттар бөлінуде.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев сала мамандарына мемлекеттік наградалар табыс етті. Ол өз сөзінде инфрақұрылымдық жобалардың табысты әрі сапалы іске асуы сала қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы мен бірлігінің арқасы екенін, сондай-ақ алда әлі де көп жұмыс күтіп тұрғанын, ол үшін алға қойылған міндеттерді жүйелі қарастырып, аянбай күш салу керектігін атап өтті.

Бүгін 200-ге жуық көлік қызметкерлерінің еңбегі мен салаға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Марапаттардың қатарында «Қазақстанның еңбек ері» атағы, «Қазақстанның көлік саласының қайраткері» құрметті атағы, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1044692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді