Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полицейлерге алғыс білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Ақсу ауданы Қалқаман ауылының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті.

     Өз хатында әйел Қалқаман ауылының учаскелік полицейлеріне – Аманбол Халхей, Махади Терлуев және Әділет Доланбаевқа алғыс білдірген.

– Жігіттерге қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, күн-түн демей қажет кезде көмектескені үшін рақмет. Әрқашан сыпайы және әдепті, олар кез келген қиындықты кәсіби және тез шешеді. Біз, қала тұрғындары полиция қызметкерлерінің қажымас және адал еңбегін, жоғары жауапкершілігін жоғары бағалаймыз, – деп жазылған хатта.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1044261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді