
2025 жылғы 01 тамыз күні аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «iKomekshi» бағдарламасы негізінде сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізімдерін өзектендіру туралы» мәселесі қаралды.
Отырысқа Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудан әкімінің кеңесшісі-сайлаушылар сайлаушылар тізімін нақтылау жөніндегі жұмысқа жауапты маманы У.Менболат, Қордай, Масаншы және Сортөбе ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Э.Күмекбай 2025 жылғы 16 шілдедегі жағдайы бойынша сайлаушылар тізімін салыстырып, атқарылған тексеру жұмыстары туралы айтып өтті. Аталған мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қордай, Масаншы және Сортөбе ауылдық округтерінің әкімдері қосымша баяндады.
Кеңейтілген отырыс соңында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1044289?lang=kk
Жауап қалдыру