
Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысымен күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған астыртын фитолабораторияны анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке меншік үй аумағында өзіне тән иісі бар өсімдіктердің бұталары, сондай-ақ өсімдіктерді үй жағдайында өсіруге арналған арнайы құралдар мен құрылғылар табылды. Өсімдіктер сарайда, гаражда, тіпті моншада өсірілді.
Сараптама нәтижелері бойынша алынған өсімдіктер сора ретінде анықталды. Медициналық куәландыру үй иесінің каннабиноидтарды пайдаланғанын, ал есірткі заттарын жеке тұтыну үшін сақтағанын көрсетті.
Азаматқа қатысты құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз өсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл қылмыс үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Полиция өкілдері бұл фитолаборатория биыл облыс аумағында анықталған жетінші орын болғанын атап өтті.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды бей-жай қалмауға және 102 телефоны бойынша күдікті жағдайлар туралы хабарлауға шақырады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1044168?lang=kk
Жауап қалдыру