
27 шілдеден бастап Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүру деректерін анықтауға, сондай-ақ ҚР «Баланың құқықтары туралы» Заңы талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.
Рейдтің алғашқы күнінде-ақ полиция қызметкерлері білім беру мекемелерінің өкілдері және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп патрульдік топтар ұйымдастырды, нәтижесінде:
•137 кәмелетке толмаған жасөспірім түнгі сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүргені анықталды. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды;
•163 жасөспірім жағдайды анықтау үшін полиция бөлімшелеріне жеткізілді;
•10 кәмелетке толмаған бала профилактикалық есепке қойылды;
•9 жасөспірімнің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды;
•6 кәсіпкерлік нысан кәмелетке толмағандарды сағат 22:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарына кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
•8 бала Балаларды қолдау Орталығына тапсырылды.
Рейдтік шаралармен қатар кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде: білім беру мекемелерінде, жастар орталықтарында және әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыстың мақсаты, сондай-ақ ата-аналардың өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілік бар екендігі туралы түсіндіру жүргізіліп жатыр.
«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Біз тек бұзушылықты анықтап қана қоймай, қайғылы жағдайдың алдын алуға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға тырысамыз. Басты мақсат – жазалау емес, ересектерге, баланың қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің бірінші кезекте өздеріне жүктелетінін еске салу. Түнгі уақытта көшеде жүрген әрбір жасөспірім – бұл біз үшін дабыл сигналы», – деді, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1044302?lang=kk
Жауап қалдыру