«Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін қазіргі қоғамның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің осы әлеуметтік зұлымдықпен белсенді күресіп, оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар оның жарқын дәлелі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi, лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi.
Мемлекетімізбен сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жою мақсатында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру, сондай-ақ «Естуші мемлекет» қағидасын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.
Сыбайлас жемқорлық – терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуімен қатар, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне аса маңызды қатерлердің бірі. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етеді.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған сәттен бастап біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша орасан зор жұмыстар жүргізілді.
Мәселен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық орын ауыстыру үшін жағдайлар қысқартылды, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыруға өте оң әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды факторларының бірі бизнес-процестерді автоматтандыру болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерін алу үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тікелей байланысты болдырмауға арналған.
Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынды.
Мысалы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам болашақта мемлекеттік мекемелерге тек басшы лауазымға ғана емес, сонымен қатар әкімшілік персонал лауазымына да жұмысқа орналаса алмайды.
Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталды. Парақорлық үшін жазаны ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде бірден өтеуге тыйым салынды.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапкершілік институты енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаған жағдайда қалаған нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүкiл қоғамның iсi.
Сыбайлас жемқорлыққа төзiмсiздiк қарым-қатынас әр қазақстандықтың азаматтық көзқарасына, ал адалдық және ақшаға сатылмау — мiнез-құлық нормасына айналуы тиiс.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.
Бұл кеселге қарсы тұру – елдің әрбір азаматының міндеті!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1044028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді