ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АУРУХАНАЛАРЫ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жыл сайын тамыздың бірінші аптасында атап өтілетін Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығына орай Қазақстанда балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханаларының желісін құру жөніндегі жоба басталды.

Бүгін Астана медицина университетінде (АМУ) Республикалық кеңесте Денсаулық сақтау министрінің, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мамандарының, бас штаттан тыс педиатрлардың және басқа да мамандардың қатысуымен ҚР ДСМ/ЕТДҚ/ДДҰ «Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасында ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және көтермелеу» жобасы таныстырылды.

Іс-шараны ДДҰ елдік офисі Денсаулық сақтау министрлігінің, Еуразиялық тұрақтандыру және Даму қорының және АМУ университетінің қолдауымен ұйымдастырды.

«Біз әрбір медициналық мекеме ана мен бала үшін қамқорлық, қолдау және сенім кеңістігіне айналғанын қалаймыз. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің міндеті ғана емес – бұл біздің еліміздің болашағы алдындағы ортақ міндетіміз», — деп атап өтті ҚР ведомствосының басшысы Ақмарал Әлназарова Республикалық кеңесте.

Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еуразиялық тұрақтандыру және Даму Қорының (ЕТДҚ) және ДДҰ қолдауымен с баласына мейірімді қарым-қатынас ауруханаларының желісін құру жобасы шеңберінде ел өңірлерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының және перинаталдық орталықтардың 400-ден астам медицина қызметкерлерін ана сүтімен қоректендіруді өмір бойы мықты денсаулықтың маңызды шарты ретінде ілгерілету үшін оқытуды жүргізеді.

Біздің елде ана сүтімен қоректендіруді қолдауға көп көңіл бөлінеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта 0-ден 6 айға дейінгі балалардың 71%-ы тек ана сүтімен қоректенеді, ал екі жасқа дейінгі 400 мыңға жуық бала қосымша тамақтанумен бірге ана сүтімен қоректенуді жалғастыруда.
Мақсат – тек ана сүтімен қамтуды 85%-ға дейін жеткізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1044762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді