
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне кәсіпкерлерден балаларға қосымша білім беру саласында Білім басқармасының әрекеттеріне қатысты шағым түсті.
Шағымға сәйкес, өңірде мемлекеттік білім беру тапсырысын жыл сайын бір қызмет көрсетушілермен ұзарту тәжірибесі қалыптасқан. Бұл бәсекелестікті шектеп, нарықтағы жаңа өкілдеріне қарағанда жұмыс істейтін ұйымдарға негізсіз артықшылықтар беруге әкелген.
2025 жылы облыста балалардың қосымша білім алуына 1,2 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік тапсырыс 10 аудан мен 2 қалада орналастырылып, 278 үйірмеде 9 499 баланы қамтиды. Олардың қатарында тіл және спорт секциялары, компьютерлік сауаттылық, математика, робототехника, қолөнер курстары және басқа да бағыттар бар.
Шағым аясында Департамент Білім басқармасына мемлекеттік тапсырысты орналастыруда тең бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету талабымен хабарлама жолдады. Білім басқармасы монополияға қарсы органның уәждерімен келісті.
2026 жылға аудан және қала әкімдіктеріне бұрын жасалған шарттарды ұзартпай, мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жалпы негізде конкурс арқылы ұйымдастыру тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1045364?lang=kk
Жауап қалдыру