АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 30 шілдесі күні аудандық «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» мәжіліс залында Отырар ауданы әкімінің орынбасары Т.Елекеевтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағына дайындық мәселелері бойынша ақпараттық брифинг өткізілді.
Жиынға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, салалық басқарма мамандары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Ауыл шаруашылығы – халқымыздың тіршілігінің, азық-түлік қауіпсіздігінің және экономикалық тұрақтылықтың негізі. Сондықтан санаққа әрбір азаматтың белсенді қатысуы – ортақ жауапкершілік. Осы мақсатта Отырар ауданында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде.
📅 Санақ мерзімі: 1 тамыз – 20 қазан
📌 Форматы: онлайн және офлайн
👥 Отырар ауданында 5 нұсқаушы маман арнайы оқудан өтті, қыркүйек-қазан айларында 21 сұхбатшы жұмысқа тартылады.
Санақ барысында:
✅ мал шаруашылығы, өсімдік және балық шаруашылығы субъектілері;
✅ жеке қосалқы шаруашылық иелері қамтылады.
Мал басы, ауылшаруашылық техника, егістік көлемі, көпжылдық дақылдар толық түгенделеді. Бұл деректер – саланы қолдау тетіктерін дұрыс жоспарлауға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз болады.
📣 Үгіт-насихат жұмыстары да қарқынды: аудан бойынша 53 билборд, 250 плакат ілініп, Шәуілдірдегі LED экранда бейнероликтер көрсетілуде, аудандық газетте мақалалар жарияланды.
Брифинг барысында «Әшірбай» ЖШС басшысы Құлмұхаммед Рысбергенов пен «Гүлмайра» шаруа қожалығының басшысы Нұрмұхаммед Оразәліұлы аудан халқын санаққа белсенді қатысуға шақырды:
Шаруақожалық иелері: «Бұл – ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерудің алғышарты. Әр шаруашылық өз мәліметін нақты берсе, ауылымыздың болашағы айқындалады», -дейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1045335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді