
Отырар ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сапалы іске асыру мақсатында ауыл округтерінің коммуналдық сала қызметкерлеріне арнайы техникалар табысталды. Бұл бастама облыстық бюджет есебінен жүзеге асып, аудандағы “Отырар-2050” тазалық мекемесіне 10 дана – МТЗ-920 Беларус тракторы, 2 дана – СДЛГ жүктиегіш тракторы және 1 дана – (Furukawa) эксковатр тиегіші мен 2 дана – трицикл мототехникалары табысталған болатын.
Бүгін тазалық жұмыстарына арналған тракторлар тіркемесімен 13 ауылдық округтеріне бөлінісіне қарай таратылып берілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл арнайы қатысып, ауылдардың тазалығын сақтап, коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз етуде арнайы техникалар мен трицикл мототехникалары үлкен көмек көрсетеріне сенім білдірді.
Өз кезегінде ауыл қариясы Шайырбек Айжарықов жылы лебізін білдіріп, ақ батасын арнады.
Айта кетейік, жаңадан жеткізілген техникалар тазалық және коммуналдық жұмыстарына арналған. Ауданда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыс жалғасады. Бүгінде аудан аумағында «Отырар – 2050» мекемесінің қызметкерлері күнделікті тазалық жұмыстарын атқаруда. Бүгінде тәжірибесі мол кәсіпорын ретінде ауданды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мекеме тарапынан аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қар тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу және тал егу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1045329?lang=kk
Жауап қалдыру