Байзақ ауданында өрт сөндірушілермен жоспардан тыс оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінің базасында жеке құраммен жоспардан тыс оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Жеке құрам арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу барысында қою түтін жағдайында көру мүмкіндігі шектелген ортада жұмыс істеу, буын ішіндегі байланысты сақтау, тыныс алу аппаратын масканы шешпей ауыстыру, сондай-ақ ауа жетіспеушілігі туындаған жағдайда әріптесінің аппаратына қосылу дағдылары пысықталды. Жаттығудың басты мақсаты – жеке құрамның төтенше жағдайларда жедел, дұрыс және қауіпсіз әрекет ету қабілетін арттыру, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің өзара іс-қимылын күшейту болды. Қатысушылар тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, кәсіби және физикалық дайындықтарын көрсетті.

 

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1045367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді