Қосай Жұмамұратов еңбек жолын темір жол саласында бастап, кейіннен түрлі салада еңбек етіп, адалдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді. 1992 жылдан бастап су шаруашылығы саласында «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінде машинист ретінде ұзақ жылдар бойы табанды қызмет атқарып келеді.
Ол сумен жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде зор еңбек сіңіріп, әріптестері арасында жоғары беделге ие. Кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындап қана қоймай, еңбек тәртібін қатаң сақтап, ұжымда сыйлы маман атанды.
Қосай Ерекешұлы – өз ісіне адал, еңбекқор, сабырлы әрі тиянақты тұлға. Адамдармен тіл табыса білетін ашық мінезі, кішіпейілділігі және байыптылығы оның бойындағы басты құндылықтардың бірі. Ол – жас буынға үлгі болатын тәжірибелі маман, абыройлы азамат.
Бейнероликке сілтеме: https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5741
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1045360?lang=kk
Жауап қалдыру