Маңғыстау облысы ПД бастығы Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды.

Сапар аясында ол ең алдымен қаланың активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, нашақорлықпен күрес, интернет алаяқтық, жол-көлік оқиғалары мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстар сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар қала қандай қолдауға мұқтаж екенін және полиция тарапынан қандай шаралар қабылдануы қажеттігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Сағындық Аяғанов Жаңаөзен полициясы қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Кейін департамент бастығы ағымдағы жылдың 7 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс деңгейі 12,5%-ға, жол-көлік оқиғалары 33,16%-ға төмендегені атап өтілді.

Сондай-ақ, генерал-майор Сағындық Аяғанов Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының жаңа бастығы – полиция полковнигі Жеңіс Алибековті таныстырды.

Сапар барысында департамент бастығымен жеке мәселелері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері кездесті. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі оң шешімін тапты.

Бұл жұмыс сапары полиция мен халық арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ ішкі істер органдары ұжымындағы ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1045523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді