
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен келешегін, оның ішінде орнықты даму саласындағы бастамаларды талқылады. Ағымдағы және жоспарланған бірлескен жобаларға, сондай-ақ әріптестікті нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тараптар шілдеде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Жоғары деңгейдегі саяси форумда Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынуын қорытындылап, елдегі ОДМ ілгерілету жөніндегі одан арғы қадамды белгіледі.
Асан Дарбаев БҰҰДБ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Бағдарлама тарапынан техникалық қолдау Шолуды дайындау мен ұсынуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Ол сондай-ақ БҰҰДБ-ның Қазақстанда ОДМ-ды ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Сухроб Ходжиматов халықаралық алаңда Шолудың сәтті тұсаукесері Қазақстанның 2030 жылғы Жаһандық күн тәртібін іске асыруға бейілділігінің айғағы болғанын атап өтті. Ол өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1045187?lang=kk
Жауап қалдыру