
Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай өтетін «Atyrau Jastar Fest-2025» фестивалі аясында ұйымдастырылады.
Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды жастарды қолдау, ұлттық музыка мен дәстүрлі ән өнерін дәріптеу және жас орындаушыларға шығармашылық алаң ұсыну.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
- 4–10 тамыз аралығы – онлайн іріктеу;
- 13 тамыз – «Atyrau Creative Hub» шығармашылық кеңістігінде өтетін офлайн тыңдау;
- 14 тамыз, сағат 20:00-де – қорытынды кеш, Ретро саябақта өтеді.
Жүлде қоры – 500 000 теңге:
I орын – 200 000 теңге, II орын – 100 000 теңге және III орын – 50 000 теңге. Финалға өткен өзге қатысушыларға – 30 000 теңгеден табысталады.
Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Онлайн іріктеу кезеңіне қатысу үшін ұлттық сипаттағы әнді жанды дауыста орындап, Instagram желісіне бейнежазба ретінде жүктеу талап етіледі. Тіркелу сілтемесі: https://atyraujastary.sendpulse.site
Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: +7 (702) 205-47-51
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1045510?lang=kk
Жауап қалдыру