
2025 жылғы 24–30 шілде аралығында Павлодар қаласында ұлдар мен қыздар арасында шаңғы жарысынан жазғы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.
Зеренді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері өздерінің жоғары дайындық деңгейін және спорттық шеберліктерін тағы да дәлелдеп, түрлі дәрежедегі 9 медаль жеңіп алды.
Біздің шаңғышылар жекелей жарыстарда да, командалық сайыстарда да жоғары нәтиже көрсетті. Әсіресе, келесі спортшылар көзге түсті:
– Жақупова Аделина,
– Краплина Арина,
– Михалетьева Людмила,
– Колесниченко Сергей.
Бұл жас спортшылар классикалық және конькимен жүгіру жарыстарында, эстафеталар мен командалық спринтте жеңіске жетті.
Чемпиондар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ спортшыларды дайындауға көп еңбек сіңірген БЖСМ-нің шаңғы бөлімі жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз.
Балаларына қолдау білдіріп, сенім артқан ата-аналарға ерекше алғысымызды білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1045972?lang=kk
Жауап қалдыру